Павлодарда бос орындар жәрмеңкесінің өткізу орны ауыстырылды

Павлодарда бос орындар жәрмеңкесінің өткізу орны ауыстырылды
Фото: pexels.com

Ауа райына байланысты орталық жағалауда бос орындар жәрмеңкесі өткізілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен 9 тамыз күні сағат 11:00-де Бектұров көшесі, 115 мекенжайындағы мансап орталығының ғимаратында бос орындар жәрмеңкесі өтеді. 

Іс-шара жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, мүмкіндіктерінің кең ауқымымен танысып, кәсіби біліктілігін арттыруға арналған. 

Жәрмеңкеде өнеркәсіптің әртүрлі салаларында, соның ішінде қаржы, маркетинг, өндіріс, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа облыстағы ірі компаниялардан 100-ден астам ашық жұмыс орын ұсынылады.