Павлодар облысында аяз салдарынан сабақ онлайн өтеді

Павлодар облысында аяз салдарынан сабақ онлайн өтеді
Фото: Константин Шелков

Екібастұздық оқушылар толығымен қашықтықтан оқымақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

13 желтоқсанда Павлодар қаласы мектептеріндегі екінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушылары қашықтықтан оқиды. Бұған себеп  – ауа температурасының төмен болуы.  

Қазіргі уақытта ауа температурасы 29°C құрайды. Желдің жылдамдығы секундына 3-6 метрге жетеді. 

Екібастұзда екінші ауысымдағы 0-11-сыныптар, Ақсу қаласында 0-9-сыныптар онлайн форматта оқиды.

Еске сала кетейік, бүгінгі бірінші ауысымдағы оқушылар толық қашықтықтан оқыды.