Павлодар облысында азаншыға қызметтік үй берілді
Железин аудандық мешітінің азаншысы «Ел үлесі пәтерге!» акциясы аясында баспаналы болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Қордың директоры «Ел үлесі - пәтерге!» акциясы аясында Железин аудандық мешітіне қызметтік үйдің кілтін табыстады. Бұл үй Түркістан облысы Сарыағаш ауданынан келген азаншыға беріледі. Ол еліміздің оңтүстігінен отбасымен көшіп келген, – дейді Железин ауданының имамы Мұрат Майтах.