Павлодар облысында ақпан айында жел мен боран жиі соғады

Павлодар облысында ақпан айында жел мен боран жиі соғады

Айдың басында өңірде жаңбыр, ылғалды қар күтіледі, ал бірінші онкүндіктің ортасында көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, ақпанда ауаның орташа температурасы нормаға жақын  -12,4...16,1 градусты көрсетеді ( норма -11,9...15,9  градус). 

Ақпан айының бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде-13...-18°С көрсетсе, күндіз -0,-5°С-тан -3...+2°С-қа дейін жылу күндер күтіледі.  Содан кейін облыста ауа райының күрт суытуы байқалады: түнде -22...-27°С, солтүстікте -30°С дейін төмендейді, ал күндіз -15...-20°С болады деп болжануда.

Үшінші онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -22...-27°С дейін төмендеп, күндіз-11...-16°С көрсетеді. Облыстың солтүстігінде -20°С дейін болады.

Айлық  жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес күтіледі (норма 10-15 мм). Қардың түсуі айдың екінші және үшінші онкүндіктерде болжанады.

Фото: Константин Шелков