Павлодар облысында бірқатар тас жолдарда қозғалыс шектеледі

Павлодар облысында бірқатар тас жолдарда қозғалыс шектеледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолаушылар автобустары мен дизельді көліктерге уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 ақпан сағат 23:00-ден бастап өңірдегі республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде жолаушылар рейстік автобустары мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу қойылады.

Атап айтқанда, «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1206–1135 шақырымы (Шідерті кенті – Қарағанды облысының шекарасы), «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» жолының 0–231 шақырымы (Қалқаман кенті – Қарағанды облысының шекарасы) және «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» жолының 0–263 шақырымы (Атамекен кенті – Ресей Федерациясының шекарасы) қамтылады.

Сондай-ақ «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 191–390 және 426–587 шақырым аралығы, «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» жолының 0–152 және 200–431 шақырым учаскелері, «Павлодар – Щербақты – РФ шекарасы» (0–112 км) және «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Курчатов» (25–220 км) бағыттары бойынша қозғалыс шектеледі.