Павлодар облысында балық аулауға тыйым салынды
Болжам бойынша 15 сәуір мен 30 мамыр аралығында балықтар уылдырық шашады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл облыс аумағындағы дала, тұщы су айдындарында көші-қон және балықтардың шоғырлану орындары арқылы табиғат қорғау заңнамасын және браконьерлік фактілерін, сондай-ақ көбею жағдайларын бұзуға жол бермеуге бағытталған.
- Ертіс өзенінде балық аулауға тыйым салынды. Оның жайылмалы су айдындары Шығыс Қазақстан облысымен әкімшілік шекарадан Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараға дейін, - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың барлық ұзындығы бойынша су тораптары мен су қоймаларында да балық аулауға тыйым салынды.