Павлодар облысында бес мыңға жуық мал тасымалдаған көлік тексерілді

Павлодар облысында бес мыңға жуық мал тасымалдаған көлік тексерілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Мал ұрлығы» іс-шарасы барысында жүзден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өңірде өтіп жатқан «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер мал мен ет өнімдерін тасымалдаған 4757 автокөлікті тексерді. Сондай-ақ 4237 мал және ет өнімдерін өткізу орны мен 4647 шаруа қожалығы тексерілген.

Рейд барысында ветеринария саласындағы заңнаманы бұзудың 171 дерегі анықталды. Бұдан бөлек, мал жаю қағидаларын бұзған 1347 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Мәселен, Аққулы ауданының Шабар ауылының маңында қараусыз жүрген жылқылар анықталды. Мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін ауыл шаруашылығы жануарларының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азат Құсайынов.

Полиция мал иелеріне жануарларды қараусыз жібермеуді және оларды уақытылы сәйкестендіруді еске салды. Ведомствоның мәліметінше, мал ұрлығының басым бөлігі қараусыз жүрген және сәйкестендірілмеген малға қатысты жасалады.