Павлодар облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен адамды іздестіру жалғасуда
Қауіпті аймақтар тексерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД қызметкерлері полициямен бірлесіп, 5 қарашада із-түссіз жоғалған 1968 жылы туған ер азаматты іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Бірлескен іздестіру шаралары Еңбек ауылының дала аймағында ұйымдастырылды. Іздестіруге Павлодар облысы ТЖД-ның 28 қызметкері, 8 техника, ұшқышсыз ұшу аппараты және 2 кинологиялық есеп тобы жұмылдырылды.
– Қиын және алыс аумақтарды тексеру үшін әуе барлауын жүргізуге және жоғалған адам ізі болуы мүмкін жерлерді жедел анықтауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшу аппараты белсенді қолданылды. Жердегі техника іздеу аумағын кеңейтуге және жеке құрамды тасымалдауға пайдаланылды. Кинологиялық есептегі қызметтік иттер із кесу арқылы және аймақтың қауіпті немесе жасырын болуы мүмкін учаскелерін тексеру арқылы жұмыс жүргізді, – деп атап өтті ведомствода.
Айта кетейік, іздеуге еріктілер де асталысуда. «VITA» еріктілер тобының мәліметінше, ер адамды соңғы рет дала жұмыстарын орындау кезінде көрген. Оның бойы 170 сантиметр, көзі көк, шашы қара түсті.