Павлодарда сыра ұрлап жүрген әйел қолға түсті
Ұрлық жайлы дүкеннің күзетшісі мәлімдеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда үйлерінің бірінде бірнеше бөтелке сыра ұрланғаны туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары дүкеннің бейнекамералары арқылы сыра ұрлап жүрген әйелді анықтаған.
– Полиция 39 жастағы қала тұрғыны бірнеше күн бойы дүкеннен сыра ұрлап шығарғанын анықтады. Қазіргі уақытта оның осындай фактілерге қатыстылығы тексерілуде, – дейді департаментте.
Еске сала кетейік, қараша айының басында құндыз тон ұрлаған жалған полицей ұсталған болатын. Шығыс Қазақстан облысының 33 жастағы тұрғыны полиция қызметкерінің формасын киіп, алаяқтық жасаған.