Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: Константин Шелков

Облыстың кей жерлерінде боран соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 20 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады - жауын-шашын, тұман, көктайғақ және боран күтіледі. 

Павлодар облысында кешке дейін дауылды ескерту жарияланды. Аймақтың оңтүстігінде, батысында және шығысында боран соғып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Күндіз ауа температурасы -2...-7 градусқа дейін төмендейді.

Павлодарда бұлтты болады. Сынап бағанасы -3-тен -5 градусқа дейін көрсетеді.