Павлодарда WorldSkills бойынша облыстық байқау өтеді

Павлодарда WorldSkills бойынша облыстық байқау өтеді

WorldSkillsPavlodar-2023 өңірлік байқауы 27 наурыз бен 15 сәуір аралығында бес бағыт бойынша жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, биыл чемпионат мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушылары үшін «BabySkills», облыс мектептерінің оқушылары үшін «JuniorSkills», ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін «Abilympics», аграрлық колледж студенттері үшін «AgroSkills» және 35 құзырет бойынша «WorldSkills» негізгі бағытында ұйымдастырылады. 

- Конкурсты өткізу алаңдары болып «Жас маман» республикалық жобасына қатысқан 10 облыстық колледж базасындағы құзырет орталықтары, өңірдің бейінді колледждері және колледждердің әлеуметтік әріптестері кәсіпорындарының базалары анықталды, - деді басқармада. 

Байқауға облыстық білім беру ұйымдарынан ұсынылған 370-тен астам мектеп жасына дейінгі балалар, 600 оқушы және 173 студент қатысады деп жоспарлануда. Сарапшылар ретінде өңір колледждерінің тәжірибелі педагогтары мен жұмыс берушілер қатарынан өкілдер анықталды.

Agroskills қозғалысын дамыту шеңберінде Ertis жоғары Инновациялық аграрлық колледжінің жанындағы ветеринариялық зертхана базасында 11-12 сәуірде «Ветеринария» құзыреті бойынша 9 облыстың аграрлық колледждерінің студенттері арасында өңіраралық конкурс өткізу жоспарланған.

Конкурс қорытындысы 21 сәуірде жабылу салтанатында шығарылады. Конкурсанттар қатысу сертификатымен, жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Негізгі 35 құзыреттің жүлдегерлері маусым айында Астана қаласында өтетін WorldSkillsKazakhstan-2023 ұлттық конкурсына қатысу үшін өңірлік құрамаға кіреді. 2022 жылы республикалық конкурстың қорытындысы бойынша облыстық команда республиканың үздік бестігіне кірді.

Фото: облыстық білім беру басқармасы