Павлодарда қоғамдық көлік қозғалысына өзгерістер енгізілді

Бұл өзгерістер тұрғындардың өтініштерін ескере отырып және маршруттарды оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қоғамдық көліктің қолжетімділігін талдау және тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, бірқатар өзгерістер қабылданды.
Теміржолшылар кентіне қатынайтын № 40 автобус маршруты теміржол вокзалына дейін ұзартылады. Жолаушылар бұрынғыша қалалық маршруттарға тегін ауысу мүмкіндігін пайдалана алады.
Теміржол вокзалынан Усолка шағын ауданына дейін жаңа № 66А маршруты іске қосылады.
№ 22 маршрутына қосымша аялдама енгізілді. Енді бір автобус «Дружба» аялдамасына дейін, № 17 маршрутының бағытына ұқсас схема бойынша жүретін болады. Маршруттың бұрынғы бағыттары (Теміржол вокзалы, Әуежай, Әуе қалашығы жеке тұрғын үй құрылысы) өзгеріссіз қалады.
Бұл өзгерістер 6 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Фотосуреттерді ұсынған Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі