Павлодар облысында дауыс берген азаматтардың үлесі 50 пайызға таяды
ОСК азаматтардың келуі туралы ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77%-ы бюллетень алды.
Азаматтардың 67,38 %-ы таңдау жасап үлгерген Түркістан облысы бірінші орынға шыққан. Одан кейін екінші орында Шымкент қаласы (64,38 %), үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы (61,73 %) тұр.
Павлодар облысында тізімге енгізілген азаматтардың 49,18% дауыс беріп үлгерген.