Азық-түлікті де несиеге алады: Павлодар облысының үш ауданында қаржы курсы басталды
Жоба аясында облыс бойынша алты мыңнан астам тұрғынды оқыту жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Amanat» партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде бір жыл ішінде 6500-ге жуық адамды оқыту жоспарлануда. Ол үшін төрт жоғары білікті бизнес-жаттықтырушы тартылды. Ертіс өңірінің барлық 10 ауданы мен үш қаласын қамтитын кесте әзірленді. Бұдан басқа, бизнес-жаттықтырушылар бағдарламаның барлық ниет білдірушілеге қолжетімді болу үшін 30-дан 60 адамға дейінгі топтарда сабақ өткізу үшін шалғайдағы ауылдар мен елді мекендерге баруға дайын.
– Оқу бағдарламасы бес күнге есептелген. Күннің бірінші жартысында теориялық курстар, содан кейін практикалық жаттығулар өтеді. Білікті заңгерлер банктік берешек, қаржыландыру, жеңілдетілген несиелеу мәселелері бойынша кеңес береді. Осы мәселелердің барлығы жыл бойы біздің заңгерлермен бірге жүреді. Жобаға кез келген азамат қатыса алатынына тағы да ерекше назар аударғымыз келеді, – дейді «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова.
Мәселен, жобаның 52 жастағы қатысушысы Әлия Кулагина өз өмірін жақсы жаққа өзгерту мақсатында оқуға келді. Бұрындары ол денсаулығына байланысты несие қиындықтарына тап болған. Әлия Кулагина туыстары мен достарының арасында әркімнің бірнеше несиесі бар екенінде жасырмайды.
– Жеке өзім ел халқының, оның ішінде жас ұрпақтың білімінде үлкен алшақтықты көріп отырмын. Бүгінде адамдар қаржыны дұрыс жоспарлау кезінде қиындықтар туындамайтынына қарамастан, тіпті азық-түлікті де несиеге алады. Кірістер мен шығыстарға жауапкершілікпен қарау керек, –дейді Әлия Кулагина.
Аталмыш курстар 5 ақпаннан бастап Успен, Ақтоғай, Аққулы аудандарында өткізілуде.
Еске сала кетейік, «Қарызсыз қоғам» жобасы 2026 жылға дейінгі кезеңге жоспарланған және ел Президентінің жолдауы шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл оның маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді. Тренингтер өткізетін әрбір жаттықтырушы елордада үш күндік курстардан өтті. Бұл курстар менеджмент немесе экономика саласында арнайы білімі жоқ халықтың қаржылық сауаттылығын тиімді оқыту үшін қажетті құралдар мен білім береді.
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоба барлық тілек білдірушілерге, көпбалалы отбасыларға және қарызға несие алған адамдармен несие өтеу мерзімі 90 күннен астам уақытқа өтіп кеткендерге тегін оқу мүмкіндігін ұсынады. Жобаны «Amanat» партиясы мен Қазақстан Үкіметі бірлесіп іске асыруда.
Айта кету керек, өтінім беру үшін Павлодар қаласы Жеңіс алаңы көшесі, 5б мекенжайына, сондай-ақ «Amanat» партиясының филиалдарына, тұрғылықты жері бойынша әкімдіктерде фронт-офиске жүгінуге болады.