Павлодар облысында екі аудандық ТКШ бөлімінің басшылары жазаланды
Олар ведомстволық бағынысты учаскені күтіп ұстау бойынша талаптарды орындамаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жолдарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 21 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылды. Оларға 800 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
– Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін Ақтоғай ауданы мен Тереңкөл ауданының ТКШ бөлімдерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар ведомстволық бағынысты учаскені күтіп ұстау бойынша талаптарды орындамаған. Әрқайсысына 39320 теңге айыппұл салынды, – дейді департаментте.
Осыған ұқсас бұзушылықтар Павлодар – Қызылорда республикалық маңызы бар трассасында анықталды. Жергілікті жол-пайдалану басқармасының бастығы жауапкершілікке тартылып, 36920 теңге сомасында айыппұл салынды.
Жүргізілетін тексерулердің басты мақсаты өңірде жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша ұйымдастырушылық-практикалық шараларды іске асыру жолымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері полиция 3031 мың шақырым жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарды зерттеді. Анықталған бұзушылықтар бойынша кемшіліктерді жою бойынша 137 нұсқама берілді.