Павлодар облысында экологиялық сараптама мен рұқсат беру рәсімдері қалай жүргізіледі

Павлодар облысында экологиялық сараптама мен рұқсат беру рәсімдері қалай жүргізіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

@Pavlodarnews.kz тілшісі қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы мәліметпен бөліседі.

Жеке және заңды тұлғалардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруы кезіндегі маңызды мәселелердің бірі қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Павлодар облысының жер қойнауы, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы 13 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың ішінде «II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру», «Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру» қызметтері аса сұранысқа ие болып табылады. Мәселен, 2025 жылы басқарма көрсеткен 680 мемлекеттік қызметтің 137 немесе 20% - «Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру», 67 немесе 9% - «II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру» қызметі құрады.

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары мен экологиялық рұқсаттарды беру «Е-лицензиялау мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады, бұл өтініш берушінің мемлекеттік органмен тікелей байланысын болдырмайды, уақытты үнемдеуді, азаматтар мен ұйымдар үшін рұқсат құжатын ресімдеу процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

II санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама әсер етуге экологиялық рұқсат беру рәсімі шеңберінде (қараудың жалпы мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды), III санаттағы объектілер үшін - қызметтің дербес түрі ретінде жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасы (жалпы мерзімі - 15 жұмыс күні) жүргізіледі.

Бұл ретте жоба бойынша ескертулер болған жағдайда өтінім берушіге қараудың белгіленген жалпы мерзімдері шегінде жобаға түзетулер мен пысықтаулар енгізуге мүмкіндік беріледі:

II санаттағы объектілер үшін-дәлелді ескертулер 15 жұмыс күні ішінде жіберіледі, ескертулерді жоюға өтініш берушіге 5 жұмыс күні беріледі;

III объектілер үшін-дәлелді ескертулер 7 жұмыс күні ішінде жіберіледі, ескертулерді жоюға өтініш берушіге 3 жұмыс күні беріледі.

Процесс кезінде немесе мемлекеттік экологиялық сараптама басталғанға дейін міндетті түрде қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Көзделіп отырған жобалар туралы анық және өзекті ақпарат бірыңғай ақпараттық көзде – Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

Бұдан басқа, ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігі «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай – күйі туралы Ұлттық деректер банкі» жалпыға қолжетімді ақпараттық ресурсын жүргізіледі.

2025 жылы Павлодар облысының аумағында ашық жиналыстар нысанында 176  тыңдау, Экопорталда 160 көпшілік талқылау өткізілді.

Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ Павлодар қ., Жеңіс алаңы, 5Б, 32-16-81, 65-25-59 телефондары арқылы алуға болады.

Серіктестік материал