Павлодарда «AMANAT» партиясының қатары толықты
Партиялық билеттер барлығы 135 адамға табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалында Партия күні мен Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Облыстық партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, партияластарды құттықтап, аса маңызды оқиғаларға назар аударды.
– Жыл сайын, көктемнің басында жақсы дәстүр қалыптасты –ол жылды қорытындылау, нәтижелерді талқылау, жаңа мақсаттарды белгілеу. «AMANAT» партиясының негізгі міндеті Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық құжаттарын іске асыруға бағытталған үлкен идеологиялық жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деді Илья Теренченко.
Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова 2023 жыл ішінде партияға 500-ден астам адам түрлі өтініштер жүгінгенін айтты. Олардың 60%-ы сәтті шешілді, қалған 40%-на нормативтік құқықтық актілерге сәйкес түсіндірме берілді.
– Бүгінгі таңда «AMANAT» халықтың мәселелерін шешуге бағытталған үлкен істер атқаруда. Халықтың бұл сенімі партия қатарында қоғамның түрлі салаларынан, соның ішінде ірі қала құраушы кәсіпорындардан, бизнес пен әлеуметтік саладан 48 мыңға жуық мүшенің болуы . 35 жасқа дейінгі жастардың көп қосылуы ерекше байқалады, – деп атап өтті Айгүл Маликова.
Іс-шараның жағымды оқиғасы партия билеттерін жаңа мүшелерге салтанатты түрде тапсыру болды. «AMANAT» партиясының пікірлестері арасында білім, медицина, мәдениет, спорт салаларының көрнекті өкілдері, кәсіпкерлер, өңір кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлері болды.
– Біз адамдарға көмектесіп, қазақстандықтардың өмірін жақсы жаққа өзгертіп, оған барлық қадамдар жасағымыз келеді. Біздің ұжым бастауыш партия ұйымын ашып, «AMANAT» партиясына саналы түрде кірді, өйткені ол мемлекеттік органдармен тікелей ынтымақтасады, зор ықпалға және мүмкіндіктерге ие және біздің барлық бастамаларымызды іске асыруға көмектеседі деп есептейміз, – деді «Ягуар» күзет кәсіпорнының қызметкері Алексей Зубков.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында партияның облыс бойынша филиалдарымен белсенді ынтымақтасатын және партиялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысатын Ертіс-Баян өңірінің ірі қоғамдық ұйымдарының, медиа саласының, кәсіпорындарының басшылары мен өкілдеріне, белсенділері мен қоғам қайраткерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.