Павлодар облысында экологиялық айлық басталады

Ол 1 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов «Таза Қазақстан»экологиялық акциясы бойынша іс-шаралар жоспары бекітілгенін мәлімедеді. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазарту жөніндегі экологиялық айлық 31 наурыздан 1 мамырға дейін өтеді.
26 сәуір Жалпы республикалық ағаш отырғызу күні болып жарияланды.
Еске сала кетейік, биыл облыс қалаларында 18 саябақ пен сквер жабдықталады, оның ішінде Павлодар қаласының Усолка шағын ауданындағы эко-саябақтың құрылысы, Екібастұз қаласының Шахтер саябағын абаттандыру және облыс орталығының Лермонтов көшесін жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, өңірдің үш қаласында 116 аула абаттандырылады. Сондай-ақ, Екібастұзда 28 білім беру нысанының аумағына асфальт төселеді, ал облыстың 20 ауылында бонустық қор есебінен абаттандыру бойынша 31 жоба іске асырылады.