Павлодар облысында екі мыңға жуық пәтер салынады

Павлодар облысында екі мыңға жуық пәтер салынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құрылыс аймақтағы үш қалада жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2025 жылы Павлодар облысының құрылыс басқармасы 14 млрд теңгенің 42 жобасын жүзеге асыруы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен өткен аппарат отырысында айтылды.

Биыл құрылыс басқармасы жалпы ауданы 121 мың шаршы метр болатын 6,7 миллиард теңгеге 11 үй салады. Барлығы 1765 пәтер пайдалануға беріледі.

Павлодар қаласында ауданы 102 мың шаршы метрді құрайтын 1504 пәтерлік жеті көпқабатты тұрғын үй салынады. Екібастұз қаласындағы екінші шағын ауданда ауданы 10 мың шаршы метрге жуық 180 пәтерлік тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Ал Ақсу қаласында ауданы 9,1 мың шаршы метр 81 пәтерлі бір үй салынбақ.

Биылғы жылы жалға берілетін баспанаға да шектеу қойылды.

– Биылғы жылы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жалға берілетін тұрғын үй сатып алудың ұлғайтылған лимиті үш миллиард теңге сомасында 217 пәтерді құрады, – деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Асқар Әжмұрат.

Сатып алынатын 217 пәтердің Екібастұз қаласындағы 45-і бойынша конкурстық процедуралар жарияланған, сатып алу сәуір айына жоспарланған. Қалған 172 пәтерді сатып алу ағымдағы жылдың маусым-желтоқсан айларына жоспарланған.