Павлодар облысында ескі көліктердің саны басым
Ел бойынша жаңа көліктердің саны бір жыл ішінде шамамен 3,1 пайызға өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, республикадағы автокөлік саны бір жыл ішінде 8,4% көбейіп, биыл сәуірдің соңында 4,1 миллион болды. Өсім барлық жыл санаттары бойынша байқалса, ең елеулі өсім көрсеткіші жаңа автокөліктерде ерекше байқалды (31,1%). Сондай-ақ, ескі көліктер санатына кірейін деп тұрған 10-20 жылдық көліктер саны да айтарлықтай 13,5% көбейді.
Қазақстанда ескі көліктер әлі де көп. 20 жастан асқан автокөліктердің саны бір жылда 4% көбейіп, 2 миллионға жуықтады.
– Бұл ретте, пайыздық үлес бойынша ескі көліктер ең көп өңірлер – Жамбыл (69,6%), Алматы (64,9%) және Оңтүстік Қазақстан (66,6%) облыстары. Оңтүстік Қазақстанда тіркелген көліктер саны 148,7 мың болса, оның 99,1 мыңы – ескі. Автопарктің жартысынан астамын 20 жылдан асқан ескі көліктер құрайтын өңірлер қатарына Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары кіреді, – дейді сарапшылар.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың маусымында пайдаланылған жеңіл автокөліктер былтырғы сәйкес мерзімімен салыстырғанда бір айда 1,3% және бір жылда 5,2% арзандады. Бұл ретте жеке көліктерді пайдалану шығыны бір жылда 15,7% көбейді.