Павлодар облысында «Ертіс орманына» баруға қатаң түрде шектеу қойылады
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының мәліметінше, өрт қауіптілігінің тұрақты жоғары класына байланысты резерват аумағындағы ормандарға бару қатаң түрде шектелген.
– Өрттің салдарынан көптеген шығындар болады. Сондықтан біз табиғат байлығын қорғап, көбейтуіміз керек. Орманды өсіруге және абаттандыруға жұмсалған еңбекті бағалау қажет. Орманда болған кезде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыздар. Яғни, от жағуға болмайды, темекі тұқылын тастамаңыз, – деді резерватта.
«Ертіс орманы» резерваты аумағында орман өрттері туындаған жағдайда 78-77-32, 78-77-26, 87056019680 нөмірлері бойынша орталық диспетчерлік қызметке немесе 101 нөміріне хабарлау қажет.
Еске сала кетейік, 12 шілдеде күн райы жауын-шашынсыз болады, сынап бағанасы +41°C градусты көрсетеді. Әсіресе 13 шілдеде солтүстікте +33...+38°C, оңтүстікте және облыстың орталығында +43°C ыстық болады.
Жұма күні күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы +35...+40°C көрсетеді.