Павлодар облысында инспектор интернет-алаяқтықтың жолын кесті
Ол әккі қулардың арбауына түскен тұрғынның несие рәсімдеуіне жол бермеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қаскүнемдер бір сағаттан астам уақыт бойы ер адамды телефон арқылы және оның жеке деректеріне қол жеткізу үшін әртүрлі сылтаулармен адастыруға тырысқан. Әңгіме барысында алаяқтар қатты психологиялық қысым көрсеткен. Олар азаматты қаражатты иемдену үшін несие рәсімдеуге көндіруге тырысқан. Ықтимал залалдың жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асуы мүмкін еді. Алайда Ақсу қаласының көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторы Айжан Самектің қырағылығы интернет-алаяқтықтың алдын алды.
Алаяқтық әрекеттердің белгілерін уақтылы анықтап, Айжан Самек дереу шаралар қабылдады. Ол ер адамға алдау схемасын егжей-тегжейлі түсіндіріп, оның салдары туралы ескертіп, несиелерді рәсімдеуге қол жетімділікті тез арада бұғаттауға көмектесті. Қызметкердің кәсібилігі, зейінділігі және жылдам әрекетінің арқасында үлкен көлемдегі қаржылық шығын болмады.
Қала тұрғыны Аман Хуантхан полицейге көрсеткен қырағылығы үшін алғысын білдірді.
- Қызметкердің уақтылы жасаған әрекеттерінің арқасында мен алаяқтардың айла-амалдарына көнбедім және ақшамды сақтап қалдым. Ол жағдайды тез түсінді, бәрін егжей-тегжейлі түсіндірді және несие алуға тыйым салуға көмектесті. Оған кәсібилігі үшін зор алғысымды білдіремін, — деді ол.
Тәртіп сақшылары бөгде адамдарға SMS-кодтарын, банк карталарының деректемелерін және дербес деректерді хабарлауға, сондай-ақ белгісіз тұлғалардың нұсқауы бойынша қаржылық операцияларды айтпауға кеңес береді.