Павлодар облысында күн күрт суытады

Павлодар облысында күн күрт суытады
Фото: pixabay.com

Еліміз бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, Атлант мұхитынан келген ылғалға толы циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Циклонның фронтальды бөліктерінде қар, бұрқасын күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады. 

22 қаңтардан бастап суық ауа массасы таралып, түнде температура айтарлықтай төмендейді. Павлодар облысында қалың қар жауады.  Сынап бағанасы -20 градусқа дейін төмендейді. 

Синоптиктер ел тұрғындарын қатты аяз бен күрделі ауа райына дайын болуға шақырады.