Павлодарда балкон жанғаны туралы ақпарат расталмады

Павлодарда балкон жанғаны туралы ақпарат расталмады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Пәтерде жөндеу жұмыстары жүргізілгені анықталды, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17.37-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 286 мекенжайы бойынша алтыншы қабатта балкон жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнында жедел құтқрау жасағынан 4 техника мен медициналық апаттар құтқару орталығынан 15 қызметкер  жұмыс істеді.