Павлодарлық дәрігерлер скринингте коронарография жасайтын болады
Ерлерге екі жылда бір рет брахиоцефалиялық артерия тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясы жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2025 жылдан бастап 50-70 жастағы ер адамдар арасында коронарография жүргізу үшін мидың тамырлы зақымдануын ерте анықтау және алдын алу үшін қосымша скринингтік зерттеулер енгізіледі.
– Науқастарды екі жылда бір рет арнайы контрастты затты пайдалана отырып, коронарлық тамырларды рентгенологиялық зерттеудің заманауи әдісі – коронарография жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, қан тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясынан да өте алады. Бұл – миға баратын тамырлардың жағдайын бағалау үшін тағайындалған диагностикалық процедура,– деді департаментте.
«Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау басқармасы жыл сайын облыс бойынша скринингтік зерттеулер жүргізу жоспарын бекітеді.
2024 жылы келесі скринингтік зерттеулер жүргізілді:
- Артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауру бойынша жоспар бойынша тексерілген 45 351 адам ішінде, 2668-де аурулар анықталып, 2613 адам диспансерлік есепке алынды;
- Глаукоманы ерте анықтау бойынша 47 213 адам қаралып, 114 адам анықталып, 85 адам диспансерлік есепке алынды;
- Қант диабетін ерте анықтауда 46 888 адам қаралып, 754 адам анықталып, 751 адам диспансерлік есепке алынды.
Алайда, скринингтік бағдарламалармен қамту кезінде мақсатты топқа кіретін, бірақ «сақтандырылған» мәртебесі жоқ адамдар скринингтен өте алмайды.