Павлодар облысында күздің соңғы аптасы құбылмалы өтеді

Павлодар облысында күздің соңғы аптасы құбылмалы өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 25 қарашада күн ашық болады. Сынап бағанасы түнде -5...-10°С, облыстың шығысында -2°С-ты көрсетеді. 

26 қараша күні облыстың басым бөлігінде қар, көктайғақ, боран соғады. Ауа температурасы түнде 0...-5°С, ал күндіз -3...+2°С-қа дейін жылынады. 

27 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде -3...+2°С, ал күндіз 0... +5°С-ты көрсетеді. 

28 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында қар аралас жаңбыр жауады, боран соғып, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде 0...-5°С, ал күндіз -2...+3°С-қа дейін көтеріледі. 

Сенбіде облыстың оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, боран, көктайғақ күтіледі. Сынап бағанасы түнде -5...-10°С, облыстың солтүстігінде -13°С, ал күндіз -5...-10°С, облыстың оңтүстігінде -2°С-ты көрсетеді. 

Жексенбіде облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын қар аралас жаңбыр, боран, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -2...-7°С, облыстың солтүстігінде -12°С, ал күндіз -2...-7°С-қа дейін төмендейді.