Павлодарда орталық көшелердің бірі жабылады

Павлодарда орталық көшелердің бірі жабылады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Назарбаев даңғылы учаскесінде асфальт төселеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 22 сәуірде кешкі сағат 20:00-ге дейін асфальт төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Естай көшесінен Толстой көшесіне дейінгі Назарбаев даңғылы учаскесі жабылады ( Назарбаев-Естай қиылысының шығыс жағын қоса алғанда). 

Бөлім мамандары  жүргізушілерді маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.