Павлодар облысында көгалдандырудың жаңа концепциясы енгізілуде

Павлодар облысында көгалдандырудың жаңа концепциясы енгізілуде
фото: автор

Жаңа тұжырымдама кезең-кезеңмен енгізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңірде көгалдандыру шаралары жаңа деңгейге көтеріліп жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жаппай ағаш отырғызу қарқын алды.

Соңғы күндері облыстың үш қаласында жасыл аймақ пен саябақтар аумақтарында алты мыңнан астам көшет отырғызылды.

Павлодар облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы Мақсат Оралбековтың айтуынша, бұрын көгалдандыру жұмыстары бір жылдық келісімшарттар негізінде жүргізілсе, соңғы жылдары үш жылдық міндеттемелер енгізілген. Бұл әдіс алғаш рет Екібастұзда сыналып, өзінің тиімділігін дәлелдеді.

– Енді ағаш отырғызу және күту бойынша келісімшарттар үш жылдық мерзімге жасалады. Мердігер ұйымдар өсімдіктердің жерсінуі, топыраққа бейімделуі және суарылуына толық жауап береді. Біз бұл шараларды мұқият бақылауда ұстаймыз. Осылайша, мердігерлер келісімшарт бойынша ғана емес, павлодарлықтардың алдында да жауапты, – дейді Мақсат Оралбеков.

Соңғы күндері Ақсу мен Павлодарда екі мыңнан, Екібастұзда – мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Ал аудандарда – жүздеген көшет пайда болды.

Көшеттердің басым бөлігі жергілікті климатқа төзімді ағаш сұрыптарынан таңдалды. Олардың қатарында терек, тал, қарағай, шырша мен шетен кең тараған. Бүгін жүз жас қарағай ардагерлер саябағына «жайғасты».

Мердігер ұйым өкілі Амангелді Жүкенов көгалдандыру сапасы ең алдымен ағаштардың күтіміне байланысты екенін атап өтті.

– «Ойық қазып, ағаш отырғызу». Бізде мұндай тәсіл қолданылмайды. Алдымен орынды таңдап, оның беткі қабатын құнарлы топырақпен алмастырамыз. Өйткені, кейбір аймақтарда сазды жер кездеседі. Отырғызу алдында топырақты минералды тыңайтқыштармен байытамыз. Бұл тамырсынуды жақсартып, сарғаюдың алдын алуға және көшетті қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге көмектеседі. Басты мақсат – алғашқы бірнеше жылда жасыл желеке қамқорлық көрсету.  Оны күзге дейін күтіп-баптау керек, себебі кез келген ағаш бейімделу кезеңінен өтеді. Ауырып қалуы да мүмкін. Содан кейін ғана өсімдіктердің жақсы жерсінуі қорытынды жасауға болады, – деп бөлісті Амангелді Жүкенов.

Ағаштар әр үш күн сайын суарылады, бірақ мұнда да ерекшеліктер бар: егер топырақ бес сантиметр тереңдікте ылғалды болып тұрса, қосымша суару қажет емес.  Көшет солып қалуы мүмкін.

– Кейде отырғызылған ағаштар тез жапырақ жайып, кейін сыртқы факторлардың әсерінен ауырып қалады. Сол сәтте солып қалғандай болуып көрінуі мүмкін. Қайта жандануы үшін уақыт керек. Өкінішке қарай, біткен іске сын айтатындар көп, – дейді мердігер ұйым өкілдері.

Жаңа көгалдандыру технологиясы өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Бұны «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткіші, орталық жағалаудың төменгі бөлігі және Инвесторлар үйінің аумағындағы жас көшеттерден байқауға болады.

Павлодарда ағаш отырғызу «Фрегат» бағбандық қоғамының жерінде жасыл белдеуді қалыптастыру аясында жүріп жатыр. Екібастұзда осы тектес шаралар вокзал алдындағы алаңда, сонымен қатар, «Павлодар – Ақсу» тас жолының бойында қолға алынған.