Павлодар облысында көлік ұрлағандар қолға түсті
Олар - Екібастұз қаласының тұрғындары, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары Павлодар қаласында ВАЗ-2115 автокөлігін айдап кеткен екі ер адамды жедел түрде қолға түсірді. Көлік иесі салғырттық танытып, кілтті көлік ішінде қалдырған.
«Жолын кесу» жоспары барысында Аққулының полицейлері ұрылар тастап кеткен автокөлікті Омбы – Майқапшағай автожолынан тапқан. Ал күдіктілер жақын маңдағы ауылдағы қараусыз қалған ғимаратты паналаған.
Ұсталғандар Екібастұз қаласының тұрғындары екені белгілі болды. Олардың біреуі бұған дейін де дәл осындай қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған.
Енді олардың тағдырын сот шешетін болады.