Павлодар облысында Сілеті өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізіледі

Павлодар облысында Сілеті өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізіледі
Фото: облыстық ТЖД

Бұл су тасқынын алдыну алу үшін жасалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Степногорск қаласында Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖ департаменттері бастықтарының кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты алдағы су тасқыны тұрғысынан бір-бірімен шектесетін үш өңірдің бірлескен іс-қимылдарын талқылау. 

Төтенше ведомстволардың өкілдері су төгінділерін бағалау, қауіпті учаскелерді тексеру және елді мекендерді су басуды болдырмау үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында Сілеті су қоймасына барды.

Сілеті өзеніне айналма жол жүргізілді. Су деңгейі күрт көтерілген жағдайда ықтимал қауіп төндіретін қауіпті учаскелер зерттелді. Сондай-ақ, тасқын сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жарылыс жұмыстарын жүргізу мәселесі талқыланды.  

– Павлодар өңірінде Сілеті өзенінің екі учаскесінде жарылыс жұмыстары жоспарланған. Жалпы ауданы 1154 шаршы метрді құрайды. Өзенде жарылыс жүргізу кезінде өткізу қабілеті артады, бұл Сілеті өзенінің арнасы өтетін Шолақсор ауылын су басу қаупін азайтуға ықпал етеді, – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин.

Сондай-ақ, ТЖ департаменттерінің өкілдері жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері кеңеске қатысты. Су тасқыны кезеңі басталған кезде үш өңір күштерінің өзара іс-қимылы мәселелері көтерілді. Жақын арада күрт жылыну күтілуде, сондықтан мүмкіндігінше жедел шаралар қабылданады.