Павлодар облысында көпбалалы аналарға 8 наурызға қанша ақша беріледі?

Халықаралық әйелдер күніне орай біржолғы төлемдер жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
8 наурызды мерекелеу қарсаңында облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша АӘК алушылар арасынан көпбалалы аналарға (отбасыларға) 5 АЕК, яғни 19 660 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүргізілетін болады.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл өңірде бұл көмекті АӘК алушылар қатарынан 750-ден астам көпбалалы ана алады.