Ақсу лагерьлерінде құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Мамандар өрт қауіпсіздік ережелерін, алғашқы көмек көрсету, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ТЖД қызметкерлері Ақсу қаласының «Әлем» эко лагері мен «Мечта» лагеріне барды.
– Жыл сайын ТЖ департаментінің ақпараттық-насихаттау тобы балалар лагерінде профилактикалық және қауіпсіздік ережелерге балаларды үйрету мақсатында іс-шаралар өткізеді. Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, аталмыш сапар аясында мамандар оқыту сабақтары мен дәрістерде өрт қауіпсіздік ережелерін, алғашқы көмек көрсету, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттері пысықталады, – дейді баспасөз орталығында.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты – балалардың ықтимал болатын қауіптер туралы хабардар болу деңгейін арттыру және олардың әртүрлі жағдайларда дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқытудың арқасында балалар дайын және сенімді бола бастайды, бұл жазатайым оқиғалар қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram