Павлодар облысында келесі аптада - 30 градусқа дейін аяз болады

Павлодар облысында келесі аптада  - 30 градусқа дейін аяз болады

Өңірде аптаның соңына дейін түнде сынап бағаны төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, 11 ақпанда  түнде -22...-27°С,  облыстың оңтүстігінде -19 градус болса, күндіз -14...-19°С, оңтүстік-шығыста -11°С болады. Кей жерлерде  -30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.  

Желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыс бағыты бойынша секундына 9-14 метрге дейін жетеді. 13, 14, 15 ақпан күндері облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метр құрайтын болады.

 

Аптаның алғашқы үш күні күндіз -10...-15 градусты көрсетсе, 14 ақпаннан аптаның аяғына дейін күндіз сынап бағанасы -7...-12 градусты көрсетеді. 

Өңірде 13-19 ақпан күндері тұман мен қар жауады деп болжануда.

Фото: Константин Шелков