Павлодарда онколог тегін кеңес береді

Павлодарда онколог тегін кеңес береді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық онкологиялық диспансер 27 қаңтарда ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Акция жатыр мойны обырын алдын алу апталығына орайластырылды. Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қала тұрғындары онколог дәрігердің қабылдауына жазылусыз тегін кеңес ала алады.

Денсаулығын тексертуге ниетті тұрғындар Российская көшесі, 57/3 ғимарат, А корпусы мекенжайы бойынша қабылдаудан өте алады.

Байланыс телефондары: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.