Павлодар облысында наурыздың алғашқы аптасында күн жылынады

Тұман күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 11 наурызда күндіз жаңбыр аралас қар жауады, боран, көктайғақ болады. Сынап бағанасы түнде -8...-13°С, облыстың шығысында -16°С , ал күндіз -1...-6°С, облыстың шығысында -9°С-ты көрсетеді.
12 наурызда түнде оңтүстік пен шығыста аздаған қар жауса, батыс пен солтүстікте тұманды болады. Ауа температурасы түнде түнде -15...-20°С, облыстың шығысында -10°С , ал күндіз -7...-12°С-қа дейін төмендейді.
13 наурызда да тұманды болады. Сынап бағанасы түнде -10...-15°С, ал күндіз -1...-6°С-ты көрсетеді.
14 наурызда боран соғады. Ауа температурасы түнде -5...-10°С, ал күндіз -1...+4°С-қа дейін көтеріледі.
Сенбіде тұман түседі. Сынап бағанасы түнде -3...+2°С, ал күндіз +1...+6°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде -1...+4°С, ал күндіз +3...+8°С-қа дейін жылынады.