Павлодар облысында онлайн дүкендер тұрғындарға қомақты қаражат қайтарды

Павлодар облысында онлайн дүкендер тұрғындарға қомақты қаражат қайтарды
Фото:pixabay.com

Жағдайлар сотта медиативті келісіммен шешілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2024 жылы облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне онлайн сауда мәселесі бойынша 287 өтініш келіп түсті. Тұрғындар Instagram, Ozon, Wildberries, Kaspi маркетплейстері арқылы тапсырыс жасап, келген немесе жетпеген тауарларына көңілдері толмай, департаментке өтінішпен жүгінген. 

Мысалы, ақпан айында тұрғын интернет-дүкен арқылы төрт планшет сатып алған. Кейінірек ол үш планшетте SIM картасы жоқ екенін байқап, модель сәйкес келмейтінін түсінген. Тұрғын құрылғыны қайтарғысы келгенде сатушы ақшаны қайтарудан бас тартады. Ол Департамент көмек көрсетіп, тұтынушыға 89 990 теңге  қайтарылды.

Ал наурызда басқа тұрғын құны 290 990 теңге тұратын Play Station сапасыз ойын приставканы Kaspi дүкеннен алды. Сатушы жабдықты айырбастауға немесе қайтарудан бас тартты. Департамент араласып, ақшалай қаражат қайтарылды.

Тағы бір жағдайда маркетплейс арқылы адам құны 10 мың теңге тұратын телефон қуаттағышқа тапсырыс беріп, күткен тауарын алған жоқ. Сатушы тапсырысты жойып, өтініш берушіге ақшасы қайтарылмады. Департамент жұмыс тәртібінде ақшалай қаражатты қайтару мәселесін шешті.