Павлодарда Трамвай депосы өткелі уақытша жабылады

Павлодарда Трамвай депосы өткелі уақытша жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

13 мамыр күні сағат 20:00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, Трамвай депосы өткелі («Чашуи-ложки» көпірі) бойынша Торговая көшесінен Торайғыров университеті әскери кафедрасына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады.

Орталық өнеркәсіп аймағына өту Космонавтар көшесі – Жібек жолы көшесі (Кастинг жағынан) арқылы жүзеге асырылады. Орталық өткел (Кутузов көпірі) арқылы қозғалыс ашық болады.

Бөлімде келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, автокөлік жүргізушілерінен бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.