Павлодар облысында осы аптада аязды күндер күтіледі

Павлодар облысында осы аптада аязды күндер күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кейде боран мен тұман байқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 14 қаңтарда облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -20…-25°С, солтүстік және шығыста -30°С дейін төмендейді, ал күндіз -20…-25°С болады. Желдің жылдамдығы солтүстік-батыстан секундына 9–14 метрге, оңтүстік және шығыс аймақтарда 15–28 метрге дейін күшейеді.

15 қаңтарда оңтүстік және шығыста қар мен боран сақталады, солтүстік пен оңтүстікте тұман түседі. Түнде сынап бағанасы -25…-30°С, облыстың солтүстігінде -35°С, күндіз -20…-25°С солтүстікте -30 °С-ты көрсетеді.

16 қаңтарда облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында қар жауып, боран соғады. Солтүстік пен оңтүстікте тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -25…-30 °С, солтүстікте -35 °С, күндіз -20…-25 °С, солтүстікте -30 °С-қа дейін төмендейді. 

17–18 қаңтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -30…-35°С, күндіз -22…-27°С-ты көрсетеді.