Павлодарда тұрғын үйлердің 30% жылыту маусымына дайын
254 үйде дайындық жұмыстары 80%-ға орындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жылу желілері мамандары магистральдік және орамаішілік желілерде дайындық және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
– Сынақтан кейін анықталған ақауларды жөндеп, тозған учаскелерді жаңартылған желілерге ауыстыруда. Алайда, жылыту маусымына дайындық ұжымдық жұмыс екенін ескерген жөн. Әр пәтер иесінің өз үйін, пәтерін, бөлмелерін жылуды қабылдауға дайындауы маңызды. Көпқабатты үйлерді қысқа қызмет көрсетуші ұйымдар дайындайды, – деді компанияда.
Бүгінгі таңда Павлодарда 1299 көпқабатты тұрғын үйдің 360-ы жылыту маусымына 100% дайын. Яғни, бұл үйлерде барлық қажетті дайындық шаралары, оның ішінде жылу тораптарын, ішкі жылыту жүйесін, су жылытқышты гидравликалық сынау, ішкі жылыту жүйесін жуып-шаю, дроссельдік есептеу құрылғысын орнату жүргізілді.