Павлодар облысында ресейлік астықты заңсыз сатқандар анықталды
ЖШС астықты Қазақстан арқылы басқа елдерге саудалаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының схемасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті облыстың көлік прокуратурасының үйлестіруімен анықтады.
ЖШС 2021-2022 жылдары 1 млрд теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттаған.
– Бұл ретте қазақстандық компания жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруа қожалықтарынан астықты қазақстандық екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған, – делінген хабарламада.
Бұл транзиттік тарифтен жалтарып, «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-не 150 млн теңгеге жуық сомасында залал келтіруге әкеп соқты.
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Фото: ашық дереккөздерден