Павлодар облысында республикалық жолдарда ауа райының нашарлауы күтілуде
                                    Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтау ескертілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қараша кешкісін Абай, Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтіледі.
Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы қолайсыз ауа райын ескерулері сұралады.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады.