Павлодар облысында сайлау плакаттарын жинастыру акциясы өтеді
Мұндай форматтағы сенбілікті AMANAT партиясы ұйымдастырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Партияның облыстық филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны кезінде жарнамалық стендтерге жапсырылған брошюралар мен плакаттар сайлаудан кейін бірден – 20 және 21 наурызда алынады.
«Бұл акция жергілікті коммуналдық қызметтерге, сондай-ақ жалпықалалық және аула аумақтарын тазалаумен айналысатын МИБ және ПИК қызметкерлеріне құрмет болып табылады. Саяси мәдениет пен өзгенің еңбегіне құрмет көрсету – біздің парызымыз», - деп атап өтті партияда.
Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізіледі. Сонымен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы да өтеді.