Павлодар облысында шілденің аяғы, тамыздың басы жаңбырлы болады

Павлодар облысында шілденің аяғы, тамыздың басы жаңбырлы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы осы аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

30 шілдеде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Сынап бағанасы түнде +10..+15, облыстың оңтүстігінде күндіз +22..+27 градус көрсетеді. Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды.

31 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+15, облыстың оңтүстігінде күндіз +25..+30 градус ыстық болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 метрге дейін жетеді. 

1 тамызда облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде +15.. .+20, күндіз  +29+34  градусқа дейін көтеріледі. 

2 тамызда облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +15..+20, күндіз +29...+34 ыстық болады.  

3 тамызда жаңбыр жауып, облыстың батысында күн күркірейді. Түнде +17...+22, күндіз +29..+34, облыстың оңтүстігінде +37 ыстық болады. Солтүстік желінің екпіні 9-14, облыстың батысында секундына 15-20 метрді құрайды. 

4 тамызда жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Сынап бағанасы түнде +17..+22, күндіз +27...+32 градус болады.