Павлодарда үш ауданның тауар өндірушілері жәрмеңкеге қатысады
Сенбіде кезекті жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 14 қыркүйекте Торговая көшесі, 2А құрылысы мекенжайында (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының тауар өндірушілері қатысады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.