Павлодарлықтар «ERTIS AULA FEST» фестивалінде бас қосты

Павлодарлықтар «ERTIS AULA FEST» фестивалінде бас қосты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар мәдени және спорттық шараларға белсенді қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласында «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында «ERTIS AULA FEST» спорттық-ойын-сауық аула фестивалі өтті.

Іс-шара Павлодар қаласының әкімінің қолдауымен, Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен ұйымдастырылды.

Фестиваль қала тұрғындарын біріктіріп, спорт пен шығармашылыққа толы жарқын мерекеге айналды. Іс-шара аясында отбасылық эстафета, армрестлинг жарысы, гір көтеру сайысы, шығармашылық көрме және «Жасмин» шығармашылық орталығының шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

— «ERTIS AULA FEST» фестивалі спорттың, шығармашылықтың және белсенді өмір салтын ұстанатын адамдардың басын бір арнаға біріктіретін, отбасылық құндылықтарды нығайтып, қауіпсіз әрі достық қоғам қалыптастыруға ықпал ететін алаңға айналып келеді, - дейді ұйымдастырушылар.

Фестиваль қонақтары «Триада» спорт және би студиясының, «SUNKAR WRESTLING CLUB» еркін күрес спорт клубы мен «Арыстан-ДОДЖО» кёкушинкай каратэ спорт клубының көрсетілімдерін тамашалады.