Павлодарда авторлық ән байқауы өтеді

Павлодарда авторлық ән байқауы өтеді
Фото: pexels.com

Ол екі кезеңнен тұратын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, «New music» байқауына қатысуға өтінімдер 12 сәуірге дейін kgu_crmi@mail.ru мекенжайы бойынша қабылданады:

  • байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу кезеңі және финал;
  • іріктеу кезеңі 16 сәуір, ал финал 18 сәуір күні өтеді;
  • музыкалық сүйемелдеу «минус» фонограммасы арқылы флэш-тасымалдаушыда көрсетілуі керек.

Байқау туралы толық ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: +7(747)257-76-24 Инкара.