Павлодар облысында сәуір бойы жаңбыр жауады
Көктемнің екінші айында орташа температура +6,3...+8,3°С-ты құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 0...+5°С-тан -8...-13°С-қа дейін, ал күндіз +7...+12°С-тан 0...-5°С-қа дейін төмендейді. Кейіннен ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады: түнде +2...+7°С, ал күндіз +14...+19°С-қа дейін.
Айдың ортасында сынап бағанасы түнде +2...+7°С, күндіз +14...+19°С-ты көрсетеді.
Сәуірдің аяғында ауа температурасы түнде +4...+9°С дейін, облыстың солтүстігінде +1°С, күндіз +18...+23°С дейін одан әрі көтерілуі болжанады. Одан әрі ауа температурасының түнде -1...+4°С-қа, күндіз +13...+18°С-қа дейін, облыстың солтүстігінде түнде -4°С, күндіз +10°С дейін төмендеуі күтіледі.
Бір айда жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болады деп болжануда.
Айдың басында, ортасында және соңында жауын-шашын – жаңбыр мен қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады деп күтілуде.