23 тамызда Павлодар облысында күн жылы болады
Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 метр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 23 тамызда Павлодар облысында түнде ауа температурасы +9…+14°C болады. Жауын-шашын күтілмейді, облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Күндіз сынап бағаны +24…+29°C дейін көтеріледі. Батыс және оңтүстік аудандарда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +11…+13°C болады. Жауын-шашынсыз, бұлтты болады.
Күндіз қала +26…+28°C-қа дейін жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді.