Павлодар облысында трактор автокөлікпен соқтығысты

Павлодар облысында трактор автокөлікпен соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар - Ақсу автожолының 14 шақырымында МТЗ-82 тракторының жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, «Suzuki Grand Vitara» автокөлігімен соқтығысқан. 

– Жеңіл көліктің жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды, – деді департаментте. 

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіледі.