Павлодар облысында трактор мен автокөлік соқтығысты

Павлодар облысында трактор мен автокөлік соқтығысты
Фото: Константин Шелков

Салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қыркүйекте сағат 21:00 шамасында Черноярка ауылының маңындағы Омбы-Майқапшағай автожолында МТЗ-80 маркалы трактордың 44 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, солға бұрылу кезінде Volkswagen Passat  маркалы автокөлігімен соқтығысқан. 

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, – деді департаментте. 

Сол күні сағат 22:00 шамасында Павлодар-Қызылорда автожолындағы Шідерті кентінің маңында BMW-520 маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтамай Toyota Camry автокөлігінің артқы жағына соғылған. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. 

Автомашиналар арнайы айып тұрағына қойылды. Әрбір оқиға бойынша тексерулер жүргізіледі. 

2023 жылы облыс аумағында барлығы 289 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 55 адам қаза тапты, 367 ЖКО қатысушысы жарақат алды. 

Еске сала кетейік, қаладағы көшелердің бірінде 33 жастағы жүргізуші көлік тізгінін ұстай алмай бетоды тірекке соғылып, оқиға орнында жан тапсырды.